«Dragon Oil» компаниясы түркімен мұнайының экспортын арттырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспийдің Түркіменстан бөлігінде жұмыс жасайтын «Dragon Oil» (БАӘ, Ұлыбритания) мұнай-газ компаниясы 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорт көлемін 10, 2 миллион баррельге дейін ұлғайтты, деп хабарлады trend.az.
«Өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 5,9 миллион баррель болған», делінген хабарламада.
Хабарламаға сәйкес, мұнай экспортының 87 пайызы Баку порты арқылы, қалғаны Махачкала арқылы жөнелтілмек.
Есептік кезеңде тәулікте орташа мұнай өндірісі 92,06 баррельге жетті. Өткен жылы 73,44 баррель болған.