Дронға байлап гүл жеткізді: Полицейлер ардагерлерді ерекше құттықтады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендік полицейлер майдангерлерді Жеңіс мерекесімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері карантин режиміне қарамастан, соғыс ардагерлерін 9 Мамыр мерекесімен үйлеріне барып құттықтаудың креативті жолып тапты», - деді басқармадан.

Мәлім болғандай, полицейлер майдангердің үйінің терезесіне гүл шоғын дронға байлап жеткізді. Кейін, терезе алдында «Мерекеңізбен» жазуымен флэшмоб ұйымдастырып, дауыс зорайтқыш арқылы құттықтау лебіздері мен алғыстарын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар