«Дружба» мұнай құбырының ақау шыққан учаскесі қалпына келтірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Польшаның PERN құбыр операторы сенбі күні түстен кейін ақау шыққан учаскені қалпына келтірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі операторға сілтеме жасап. 

Ақау
Фото: Александр Саверкин/ ТАСС

— Pern 2024 жылы 1 желтоқсанда Пневы қаласында болған апаттан кейін батыс газ құбырының бірінші желісінің штаттық жұмысын қалпына келтірді, — делінген хабарламада.

Чехияға ресейлік «Дружба» мұнай құбыры арқылы мұнай жеткізу қайта жанданғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Еске сала кетсек, 1 желтоқсанда қазақстандық мұнай өтетін «Дружбада» ақау шықты

«Дружба» құбырының Польшаның батысындағы Пневы қаласының маңындағы учаскесіндегі құбырда ақау болып, жанармай аққан еді .Оқиға кезінде өрт немесе жарылыс қаупі тіркелген жоқ.

Pern операторының хабарлауынша, зақымданған тармақта мұнай беру тоқтатылғанын, мұнайды жеткізу техникалық мүмкіндіктері тұтынушылардың көлемдік қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ететін екінші тармақ бойынша жалғастырылды.

Айта кетейік, қазақстандық мұнай экспорты дәстүрлі түрде Ресей аумағы арқылы Каспий құбыр консорциумының Новороссийскіге дейінгі құбыр жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Ресей мен Польша арқылы Германияға «Дружба» құбыры арқылы жеткізу 2023 жылдың ақпан айының соңында басталды. Қазақстан мұнайы қуаттылығы 2 млн баррель құбырдың солтүстік тармағы арқылы өтеді.

Бұған дейін елдің Энергетика министрлігі Қазақстан 2024 жылды Германияға «Дружба» құбыры арқылы 1,4 миллион тонна мұнай жеткізу болжамымен аяқтайтынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар