ДСМ балаларға қажетті инсулиндік помпа жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді

«Сондай-ақ, қажет болған жағдайда қорда пайдаланылмаған жаңа помпалар жеткілікті. Айта кету керек, жаңа пациенттерге қажеттілік туындаған жағдайда бюджет қаражатына тимей, жаңа құрылғыларды да сатып алуға мүмкіндік қарастырылған», делінген хабарламада.
Назар аударатын жайт, помпалар ұзақ мерзімге қойылатындықтан (5 жылдан ары) қазірдің өзінде қаматамасыз етілген балаларға оны жиі сатып алудың қажеті жоқ.
Министрліктің атап өтуінше, жаңа нормативтік-құқықтық акт жобасы бойынша амбулаторлық қамтамасыз негізінде инсулиндік помпа қойылған 18 жасқа дейінгі балаларға құрылғыны ауыстыру және оған кететін шығындардың барлығы мемлекет есебінен тегін қарастырылған.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қант диабеті диагнозы бойынша есепте 2 162 бала мен жасөспірім тіркелген. 1 071-і 2012-2016 жылдар аралығында помпамен қамтамасыз етілген.