ДСМ-де ҮЕҰ-лар тарапынан біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі жобаның жүзеге асырылуы сараланады
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінде (5-кіреберіс, №1134 мәжіліс залында) ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Д.С.Есімовтің төрағалығымен,
денсаулық сақтау саласында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі жобаның жүзеге асырылуын талқылау бойынша жиын өткізіледі.
Аталмыш ведомоство баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Комитеттің және аумақтық органдарының қызметкерлері қатысады.