ДСМ-ге жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ДСМ-ге жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау тапсырылды

«Денсаулық сақтау министрлігі шалғай елді мекендерде балалардың денсаулығына скрининг жасау, стоматологиялық тексеру жүргізу үшін жылжымалы медициналық пунктердің жұмысын ұйымдастыруға тиіс», - деді ол.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов қоғамдық орындарда балалардың тамақтану сапасын бақылап, тамақтану және ойын-сауық орталықтарындағы санитариялық жағдайды қамтамасыз ету маңызды екенін еске салды.

«Барлық лагерьлер медицина қызметкерлерімен, тиісті педагогтармен және тәрбиеші кадрларымен қамтамасыз етілуі қажет», - деді Премьер-Министр.