14:32, 17 Наурыз 2020 | GMT +5
ДСМ хат-хабарларды тек электрондық түрде қабылдай бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі хат-хабарларды тек электрондық түрде қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі елге коронавирустың таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты министрлікке жіберілетін хат-хабарларды электрондық түрде (қағаз түрінде қабылданбайды) министрліктің [email protected] электрондық мекенжайына жіберуді сұрайды. 74-36-50, 74-37-27», делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство барлық азаматтарды қабылдауды тоқтатты. Талап-арыз 74-32-40 нөмірі арқылы қабылданады.