ДСМ мектеп асханаларында қолданатын қант пен тұздың мөлшерін азайтпақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулы сақтау министрлігі  медицина және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын жаңартуға арналған бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды.

ДСМ мектеп асханаларында қолданатын қант пен тұздың мөлшерін азайтпақшы
Фото: freepik.com

- Құжаттың жаңалығы балаларды қауіпсіз, сапалы және теңгерімді тамақтанумен қамтамасыз ететін дұрыс тамақтануға қойылатын заманауи халықаралық талаптарды ескереді. Түзетулердің басты артықшылығы – тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту. Кальцийге, темірге, фолий қышқылына және балалардың денсаулығын қолдайтын, иммундық жүйесін нығайтатын басқа дәрумендерге бай көкөністер мен жемістерді тұтынуды арттыру көзделген, - деп жазылған құжаттың баспасөз релизінде.

Бұл құжат балалар арасындағы артық салмақ дертін азайтуға арналып отыр.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, зиянды тағамдарды тұтыну семіздік, қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісік сияқты созылмалы аурулардың 60%-дан астамын туындатады. Сондықтан 6-9 жас аралығындағы қазақстандық балалардың 21%-ы 2015-2020 жылдар аралығында таралуы 5%-дан аса өскен артық салмаққа ие. Тұз бен қантты тұтынудың жоғары деңгейі семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар сияқты жұқпалы емес аурулардың дамуының жетекші факторларының бірі болып табылады, - делінген құжатта.

Еске салсақ, желідегі видеодан кейін Алматыдағы мектеп асханасы тексеру басталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар