ДСМ онкологиямен күреске 474 млрд теңге сұрап отыр
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті.
«Онкология пациенттеріне арналған мобильдік бригадалар желісін, инвазивті емес және морфині бар дәрілік заттар спектрін, оңалту көмегін кеңейту және денсаулық сақтау мамандарын пациенттерді біртіндеп ауырсыздандыру әдістемесіне оқыту жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Кешенді жоспарды іске асыру үшін медициналық жабдықтарды, дәрілік препараттарды сатып алуға, мамандарды оқытуға, заманауи онкология орталықтарын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеу жүргізуге шамамен 474 млрд теңге қажет болады», - деді ол.
Айтуынша, бұл қаражат республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және инвесторлардан тартылмақ.
«Сондай-ақ, мемлекеттік жекеменшік әріптестік механизмдері де қолданылады», - деді ол.