ДСМ Ұлттық сараптама орталығы директорының үстінен іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Ұлттық сараптама орталығының директоры ұсталды.  Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 ДСМ Ұлттық сараптама орталығы директорының үстінен іс қозғалды

Оның айтуынша, ҚР ДСМ Ұлттық сараптама орталығының директоры Павлодар облысында «Дихлорметан» химиялық дәрі-дәрмегін сатып алуға бағаны жөнсіз көтеру арқылы 15 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен.

Аталған дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұрып және мердігер ұйыммен сөз байласып, соңғыға мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңісті қамтамасыз еткен. Одан кейін көрінеу көтерілген баға бойынша дәрі-дәрмектің жеткізіліміне келісімшартқа отырған. Содан кейін атқарылған жұмыс актісіне қол қойып, оларға толық көлемде ақша қаражатын төлеуді қамтамасыз еткен. Тергеу жүргізілуде», - деді ресми өкіл.