ДСҰ 2025 жылдың әлемдік сауда өсімінің болжамын арттырды

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) 2025 жылға арналған жаһандық тауар саудасының өсу болжамын 2,4 пайызға дейін көтерді, бұл тамыз айында жасалған 0,9 пайыздық болжамнан айтарлықтай жоғары, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

ВТО повысила прогноз роста мировой торговли на 2025 год
Фото: Синьхуа

Бұл ретте 2026 жылға арналған болжам 1,8 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендетілді.

«Әлемдік сауданың перспективалары мен статистикасы» баяндамасында сондай-ақ экспорт пен импорттың орташа мәні ретінде өлшенген жаһандық тауар саудасы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында бір жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға өскені атап өтілген.

ДСҰ бұл жоғары көрсеткіштерді бірнеше фактормен түсіндірді, соның ішінде АҚШ кедендік баж салығының өсуі алдында Солтүстік Америка елдерінде импорттық тауарлар қорларының артуы, инфляция қарқынының баяулауы, қолайлы салықтық-бюджеттік саясат, дамушы нарықтардағы тұрақты өсім және жасанды интеллектімен байланысты тауар саудасы көлемінің күрт өсуі бар.

Сонымен қатар, баяндамада дамушы елдер арасындағы сауданың айтарлықтай өскені атап өтілген. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша сауда көлемі құндық мәнде өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға өсіп, әлемдік орташа көрсеткіштің 6 пайыздық өсімінен асып түсті.

Жаһандық ЖІӨ 2025 жылы 2,7 пайызға, 2026 жылы 2,6 пайызға өседі деп күтіліп отыр.

Kazinform үшін арнайы Синьхуа серіктес агенттігі ұсынған.

Осыған дейін Қытай халық санының азаюын өнеркәсіптік роботтармен өтейтіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар