ДСҰ эпидемия тоқталғанын жария еткеннен кейін бір бойжеткен Эболадан қайтыс болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леонеде Эбола дертін сынау орталығының ресми өкілдері елдің солтүстігінде Эболадан бойжеткеннің қайтыс болғанын дәлелдеді деп жазады newsru.com. Бұл оқиға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Батыс Африка Эболадан құтылды» дегеннен кейін бірнеше сағаттан соң орын алды.

ДСҰ эпидемия тоқталғанын жария еткеннен кейін бір бойжеткен Эболадан қайтыс болды (ФОТО)

Ауруды зертханалық жолмен тексеруді британ мамандары жүргізген.

Әйел адам Тонколили округінде көз жұмды. Мұнда ол Камбиядан, Гвинеямен шекараға жақын орналасқан ауданнан келіпті. Енді денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері онымен араласқан, байланыста болған адамдарды іздеп жатыр.

Бұған дейін әлемдік БАҚ Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинеяда Эбола дертін ешкімнің жұқтырмағанына 42 күн өтті, деп жариялаған еді. Қазір денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар дерттің күшею мүмкін екендігін ескертіп, тұрғындарды сақтанып жүруге шақырады.

null
null