ДСҰ-ға қосылу бойынша Еуроодақ пен Өзбекстан арасындағы келіссөз аяқталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу бойынша Өзбекстан мен Еуропа одағы арасында жүргізілген екіжақты келіссөз аяқтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

ДСҰ-ға қосылу бойынша Еуроодақ пен Өзбекстан арасындағы келіссөз аяқталды
Фото: Daryo.uz

Бұл туралы ДСҰ мәселелері жөніндегі Өзбекстан президентінің арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлім етті. Оның айтуы бойынша келіссөздер екі жыл бойы жүргізілген.

- Еуропа одағына мүше 27 мемлекеттің нарғына шығуға, тиісінше оның аясында жеңілдік алуға бағытталған келіссөздер сәтті аяқталды, - деп хабарлады Азизбек Урунов.

Оның мәлімдеуінше, Еуропа одағы Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша келіссөзді аяқтаған 31-ші тарап саналады.

- Бір апта бұрын біз Панамамен де тиісті келісімге қол қойдық. Осылайша, бүгінгі таңда 31 елмен жүргізілген келіссөз өз мәресіне жетті. Енді 3 мемлекет қалды, - деді Азизбек Урунов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу келіссөздерін биыл аяқтауға ниетті.

ДСҰ-ға қосылу бойынша өзбек тарапы былтыр АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылады.

 

Соңғы жаңалықтар