Дуадаққа мылтық кезенгендер тұтылды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Аягөз ҚАІІБ қызметкерлері Аягөз ауданы Ақтоғай ауылының шетінен Ақтоғай ауылының тұрғындарын УАЗ автокөлігімен құс аулауға шыққан жерлерінен ұстады. Олар дуадақ құсын атқан, деп хабарлады ШҚО ІІД Табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменов.
None
None

Оның айтуынша, Қазақстанның аумағында ғана таралған дуадақ жойылып бара жатқан құстың түрі, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Осындай аңшылардың кесірінен мемлекетке 970 000 теңге залал келтірілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар