Дуатлон жеңімпаздары атанған астаналық отбасыларға Ыстықкөлге жолдамалар тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат- Астанада «Отбасылық дуатлон» өтті. Ата-аналар мен балаларға арналған жарыс Astana ­Triatlon ­Park кешенінің аумағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana.kz.

 Дуатлон жеңімпаздары атанған астаналық отбасыларға Ыстықкөлге жолдамалар тапсырылды

Жарыс басталмас бұрын нұсқаушылар қатысушыларға жаттығу жасатты. Дуатлонға қҚатысушылар екі санатта жарысты: 9-11 және 12-14 жастағы балалары бар отбасылар. Отбасы мүшелері жеке қашықтықтарды бағындырды - әкелер 2 км, аналар велосипедпен ­2 км, ал балалар 500 метрге жүгірді.

Дуатлонға Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев та өз отбасымен қатысты.

9-11 жастағы балалары бар отбасылардың арасында Пон­омаревтар отбасы топ жарды, екінші жас санатында Жақсыл­ықовтар жеңімпаз атанды. Жарыс жеңімпаздары Ыстықкөлге жолдамаларға ие болды. Екінші орын алған астаналықтар Crossfit­Centre­ абонемент алды, үшінші орын алғандарға велосипедтер табысталды. Сонымен қатар, жарыс соңында лотерея  ойнатылып, велосипед табысталды.

- Күйеуіммен және балаларыммен триатлонмен бір жарым жылдан бері айналысып жүрміз. Алдымен Орталық саябаққа барып жүрдік, содан кейін Astana­Triatlon­park салынды. Елордада осындай шаралардың ұйымдастырылатыны жақсы. Алдағы уақытта көптеген жарыстар өтеді, бүкіл отбасымызбен қатысамыз, - дейді Р­аушан Сағынтаева. Айта кетсек,оның отбасы 12-14 жас санатында 1-орын және 9-11 жас санатында 2-орын алды.

2 3 4 5 6 7 9 8 10 11 12 13