Дубай ханзадасы Gelandewagen-мен құмға батқан жүк көлігін сүйреп шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тақ мұрагері әрі Дубай мэрінің ұлы Хамдан ибн Мохаммед аль Мактум құмға батқан жүк көлігін шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Лента.ру.

Дубай ханзадасы Gelandewagen-мен құмға батқан жүк көлігін сүйреп шығарды

Ол Mercedes-Benz Gelandewagen көлігіне трос арқылы жүк көлігін тіркеген. Жүк көлігінен құмның бір бөлігі түсіріліп, кейін оны тартып шығарған.

Ханзада Хамдан спортқа әуес, өлең де жазады. Forbes журналы 2011 жылы оның табысын 18 миллиард доллар деп бағалаған.