Дубай ХҚО сотының өкілдері «Астана» қаржы орталығында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (ХҚО) Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Сотының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Дубай ХҚО сотының өкілдері «Астана» қаржы орталығында болды

Кездесуге Дубай халықаралық қаржы орталығы сотының өкілдері, нақтырақ айтқанда төрағаның орынбасары Дэвид Стил, судья Али Ал Мадхани, сот тіркеушісі Марк Бир, Дауларды шешу орталығының консультанты Михаэла Корнелия қатысты. Жүздесу барысында қонақтар «Астана» Халықаралық қаржы орталығының соты мен Арбитраждық орталығы тұжырымдамасының үлгісімен танысты.

Айта кетерлігі, Елбасының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін Тәуелсіз сот пен Халықаралық арбитраж орталығын Дубай халықаралық қаржы орталығының үлгісі бойынша құру көзделген.

Кездесуде АХҚО-ның екі институтының 2018 жылдың қаңтарына дейін құрылуы бойынша концептуалдық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.