Дубай зергерлері ұзындығы 5 километр болатын алтын алқаны жасауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай зергерлері ұзындығы 5 шақырымға жете алатын рекордтық алтын алқаны жасаумен айналысуда, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Бұл акция шопингтің 20-шы фестиваліне орайластырылған.
None
None

Dubai Celebration Chain атауы берілген әшекейді 22 караттық алтыннан жасауда. Оны дайындау жұмысына Dubai Gold and Jewellery Group-тың 500 жетекші зергерлері қатысуда.

Осылайша Дубай қаласы 1999 жылы ұзындығы 4,1 шақырым болған алтын алқаны жасаған кезде орнатқан өз рекордын жаңартпақшы. Акцияның ұйымдастырушылары жаңа әшекейдің нақты параметрлерін хабарламаса да, алқаның ұзындығы 5-8 шақырым аралығында, ал салмағы - 160-200 келі шамасында болатынын тұспалдады.

Әшекейді 2015 жылдың 2 қаңтарында ұсынылуы мүмкін. Айта кетейік, Дубайдағы шопинг фестивалі 1 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар