Дубайда 63 долларлық «алтын» гамбургер ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайдағы Eat The World DXB көшедегі азық-түлік фестивалінде ас алтынымен безендірілген 63 долларлық гамбургер ұсынылады.

Дубайда 63 долларлық «алтын» гамбургер ұсынылады

Бұл туралы Arabian Business журналы хабарлады.

The Roadery британдық компаниясы ұсынған сэндвичтің құрамында мәрмәр сиыр етінен жасалған бес котлет, трюфелді ірімшік, фуа-гра, шафранды майонез және бүлдіргенді кетчуп бар. Гамбургер 24 караттық ас алтынымен безендірілген.

Жаңа тағамға «Бурдж-Халифа» - әлемдегі ең биік болып саналатын Дубайдағы көп қабатты үйдің аты берілді.

Еске сала кетсек, Eat The World DXB фестивалі 23-25 ақпан аралығында өтеді.