Дубайда әлемдегі ең биік мұнараның көшірмесін орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  БАӘ вице-президенті, Дубай премьер-министрі мен басқарушысы Шейх  Мухаммед  бин Рашид  Әл-Мактумның қатысуымен Dubai Creek Tower  көшірмесінің таныстырылымы өтті. 
None
None

Ол биіктігі белгілі Burj Khalifa  мұнарасынан асып түседі және әлемдегі ең биік мұнара болмақ, деп хабарлады АЗЕРТАДЖ.

Ең биік мұнараны макеті  Dubai Mall сауда үйінде көрсетілді. Биіктігі 928 метр болатын мұнара 679 млн шаршы метр тұрғын алаңын, 851 мың шаршы метр коммерциялық,  4,4 мың нөмірмен 22 қонақүйді, 11,16 млн шаршы метр бөлшек алаңдарды қамтиды.

Басылым мұнараны салу жоба негізінде бірегей іргетасымен  халықаралық рекорд орнатуға мүмкіндік бергенін атап өтеді.  Биіктігі 80 қабатты ғимаратқа барабар мұнараға 12 мың тонна болат пайдаланылатын болады. Ал «сабағына» 240 мың текше метр бетон, яғни салыстырар болсақ, Лондоннан Барселонаға дейін аяқжол төсеуге жететіндей бетон құйылмақ.

Соңғы жаңалықтар