Дубайда әлемдегі ең ірі отшашу болады

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Дубай тұрғындары мен қонақтарын ерекше әсерлі Жаңа жыл күтіп тұр. Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласында әлемдегі аса көлемді отшашу ұйымдастырылып,

Дубайда әлемдегі ең ірі отшашу болады

Гиннестің рекордтар кітабындағы көрсеткішті жаңарту көзделіп отыр. Пиротехникалық шоу 31 желтоқсан күні түн ортасында басталып, 6 минутқа созылмақ.

Бір айта кетер жайт, отшашудың ұзақтығы емес, ал оның көлемі таңғалдырады. Шоу шамамен 100 шақырымға созылады және оны қаланың кез келген жерінен көруге болады. Отшашулар Дубайдың белгілі назар аударарлық жерлерінде - биіктігі көк тіреген Burj Khalifa, Burj Al Arab қонақ үйі және Palm жасанды аралындағы Atlantisқонақ үйінің жанында ұйымдастырылады. Барлығы шамамен 450 мың дүркін ату жоспарланып отыр. Осыған дейін рекорд Кувейт аралдарына тиесілі болатын, 2012 жылы онда бір сағаттық отшашу өтті. Ал шоу жағалау бойымен 5 шақырымға созылды.