Дубайда әлемдегі ең қымбат ат жарысы басталуда

ӘБУ-ДӘБИ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Дубай қаласындағы (БАӘ) «Мейдан» ипподромында он сегізінші Dubai World Cup-2013 ат жарысы өтеді.

Дубайда әлемдегі ең қымбат ат жарысы басталуда

Бұл жарыс ат спорты әлемінде атаулы оқиға болып табылады, өйткені бұл жерде жылқыларды, шабандоздарды, жоғарғы дәрежелі жаттықтырушыларды және, әрине, әлемнің түкпір-түкпірінен келген аттардың «жұлдызды» иелерін көруге болады.Қатысушылар ақшалай жүлде үшін тоғыз бәйгеде жарысады, оның жалпы сомасы 27 миллион АҚШ долларынан асады.

Дәстүр бойынша Әлем кубогы Дубайда 1961 жылдан бері жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде өтеді. Дәл осы жарыстар үшін Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бин Рашид Аль Мактум Дубай шығанағы маңындағы «Над Аль Шеба» ауданында «Мейдан» атты қазіргі заманға сай ипподром салды.

Шейх Мухаммед бин Рашид Аль Мактумның өзі жеке атқорасынан атақты тұлпарларын шығарады, олардың бірі Дубайдағы 2012 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы - «Монтероссо».

Бәйгені ұйымдастырушылар шақырылған ханымдар мен мырзаларды іс-шараның тиісті «дресс-кодын» ұстануды сыпайы түрде ескертті. Ерлер үшін - костюм-визитка, фрак, әйелдер үшін - таңдаулы қалпақтар және саусақты қолғаптар. Ең әдемі қалпақ иелеріне бес мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай жүлде қарастырылған.