Дубайда алғашқы қалқымалы базар ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы мамыр айында Дубай-Крик бұғазында «BeYouLand» атты қалқымалы базар ашылады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ БАӘ ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Жобада арабтың дәстүрлі абра қайығы типтес 17 қайық-дүңгіршек бар. Қалқымалы сауда орындарында киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін сатылады. Әрбір қайық киім ауыстыру бөлмелерімен және кондиционермен жабдықталған.
Дүкендерде келушілерге арналған дәмхана жұмыс істеп тұрады. Жобаның авторы Дубайдағы ірі құрылыс компанияларының бірі «Meraas».