02:14, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Дубайда бесжұлдызды қонақүй өртеніп жатыр
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дубай қаласында Address Hotel Downtown қонақүйі отқа оранды.

Аталмыш қонақүй ең биік әйгілі ғимарат «Бурдж Халифаның» қасында орналасқан. Ол жерде түн ортасында мерекелік отшашу болады деп жоспарланған. Отшашуды әлемнің миллиондаған халқы тамашалайды. 63 қабатты Address Hotel Downtown қонақүйіндегі өрт 20-шы қабатынан басталған. Тілсіз жаумен әмірліктің азаматтық қорғаныс күштерінің тікұшақтары мен өрт сөндіру қызметі алысып жатыр.
Дубайдағы азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы генерал-майор зардап шеккендер жоқ деп хабарлады. Қала муниципалитеті төтенше оқиғаға қарамастан, «Бурдж Халифада» жаңа жылдық салатанат болатынын мәлімдеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашу 1,6 тонна пиротехника мен 400 мың LED-жарықтандырғыштан тұрады.