Дубайда бірден бес перзент сүйген анасының да, шала туған шараналардың да денсаулығы қалыпты

gulfnews.com. ақпараттық агенттігінің хабарына сүйенсек, 4 перзент күтіп жүрген 29 жастағы Раним Амир Бармада мен оның 33 жастағы жұбайы Хасан Мюнцер Бармада құрсақтан бесеу шығады деп ойламаған.
«Айран-асыр болдым да қалдым. Бастапқыда сенбедім. Бірақ, кейін мүмкін алтыншысы шығып қалар деген үміт те болды», - деді ебіл-себіл жылаған егіздердің әкесі.
Раним Амир ерледі. Құрсағы құтты ана бір туғанда екі қыз, үш ұлды бір-ақ тапты. Оның мерзімінен бұрын толғатып, егіздерді ішін жарып алғызғанын айта кету керек. Бес перзент сүйген анасының да, шала туған шараналардың да денсаулығы қалыпты. Егіздер қазіргі уақытта инкубаторда жатыр, деп жазады muslim.kz.
Saudi-German Hospitals Group емханасының саудиялық-неміс тобының басшысы, әйелдің аман-есен босануына септескен төрт дәрігердің бірі - Хасан Әлі мұндай жағдайдың сирек кездесетінін тілге тиек етті.