Дубайда «Бурдж Халифада» жаңажылдық отшашу кезінде бойдақтар мен үйленгендер екі топқа бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні Жаңа жылды Downtown ауданында қарсы алғысы келетін Дубай қаласының тұрғындары мен қонақтарын полицейлер «бойдақтар» және отбасылы деп екіге бөледі.
None
None

Жаңа жылда Дубайда ең танымал орын Downtown болып табылады, мұнда жүз мыңдаған адам тамашалайтын әйгілі көк тіреген «Бурдж Халифа» ғимаратынан ерекше жарық-шоу ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Белгілі бір күндері тек жанұялылар ғана қатынайтын «Бүкіләлемдік ауыл» жәрмеңкесі уақытында бойдақтардың келуіне шектеу баяғыдан бар болса да, бұл шара Дубайда алғаш рет қабылданды.

Полиция жаңажылдық түні Даунтаун ауданына орналасу режімінің сақталуын қадағалайды. Отбасылар үшін метроның жақын стансаларын ауданмен байланыстыратын ең қысқа бағыттар бөлінді.

Желіде Дубайдағы жаңажылдық отшашу жобасының видеосы пайда болды.

Соңғы жаңалықтар