Дубайда ел назарына ерекше Құран ұсынылды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Дубайда ел назарына ерекше Құран ұсынылды.Оның ерекшелігі - кестеленгенінде.

Дубайда ел назарына ерекше Құран ұсынылды

Дубайлық Мұхаммед Махир Хадри есімді азамат Қасиетті Құранды толықтай матаға алтын жіппен кестелеп, әдіптеп шыққан. Оның асқан төзімділік пен шеберлікті қажет еткен бұл еңбегі Дубайдағы сауда-өнеркәсіп палатасына қойылды.

Muslim.kz сайтының жазуынша, ол бұл жобасын жүзеге асыру үшін кәдімгі тігін машинасын пайдаланған. Шебер осынау жұмысын он төрт жыл бұрын бастағанын айта кету керек.

Кестеленген Құран 426 беттен тұрады, он екі томға топтастырылған. Салмағы - 200 келі. Өзгеше Құран 5 млн еуроға бағаланып отыр.