Дубайда көліктердің рекордтық саны тіркелді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Ресми деректерге сәйкес Дубай әмірлігінде 2,35 миллион тұрғынға 1,4 миллион көлік тіркелген, деп хабарлады «Русские Эмираты» порталы.

Дубайда көліктердің рекордтық саны тіркелді

Дубайдың Жол және көлік комитеті ресми есебін жариялады, соған сәйкес әмірлікте көліктер саны арта түсіп, 2006 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен.

Келтірілген деректер Дубайда көлік құралдарының әмірлік тұрғындарына рекордтық ара-қатынасы 1000 адамға 540-қа тең. Нью-Йорк сияқты ірі қалалардың өзінде 1000 адамға 305 көліктен келсе, Лондонда 1000 адамға - 213 көліктен.

Бұл үдеріс қоғамдық көліктің барынша дамыған жүйесіне сұраныстың артқанын көрсетеді. Дубай метросы мен трамвай қатынасы жолдағы жүктемені аздап жеңілдетті.

Айта кетер жайт, әмірлік тұрғындары жазда ауа райының аптап ыстықтығын алға тартады. Бұл таяу метро стансасына, автобус аялдамасына жетуде белгілі бір қиындық тудырады.