Дубайда мұсылман киімдерінің осы заманғы сән үлгілерінің көрсетілімі өтті

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Дубай қаласы аймақтағы елдердің сән орталығына айналуы мүмкін. Таяу Шығыс модельерлері Fashion Forward сән фестивалінде өз өнерлерін паш етті.
None
None

«Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап muslim.kz хабарлағандай, сәуір айының 26 мен 29 аралығында жиырмадай талантты дизайнер осы шараға қатысты. Шеберлер аянып қалмай, өз еңбектерінде сапасы да, түсі де сан алуан маталарды пайдаланған. Модельерлердің арасында Тахир Сұлтанның (Tahir Sutan), Әмір Харунның (Amira Haroon), Иссаның (Essa), Рами Қадының (Rami Kadi) жобалары елдің көңілінен шықты.

Таяу Шығыстағы сән индустриясы енді дамып келе жатқандықтан, Fashion Forward фестивалі қиындығы көзге көріне бермейтін, нәзік талғамды қажет ететін осы салада өз соқпағын салғысы келетіндерге бағын сынап көруге мүмкіндік беріп отыр. Fashion Forward фестивалінің мақсаты да талантты есімдерді ашуға саяды. Сән үлгілерін тамашалауға келген жұртшылықтың арасында тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен бірге Франциядан, Англиядан, АҚШ-тан келген меймандар да болды. Олар осы шара аясында өз білгендерін, тәжірибесін ортаға салады.

Соңғы жаңалықтар