19:28, 27 Мамыр 2016 | GMT +5
Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 көрмесінің бас жоспары таныстырылды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы сәуірге дейін БАӘ-нің Дубай қаласында өтетін «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесінің ұйымдастыру комитеті көрменің бас жоспары жайлы видеоролик шығарды.

Әмірлік билігі көрмеге 25 миллион адам келеді деп күтуде. Олардың 70 пайызы шетелден. Көрме алаңы 438 гектар, оның 150 гектарын көрме экспозициясы, қалғаны тұрғын, логистикалық, қонақ үй нысандары болады. Құрылыс жұмыстары 2019 жылғы қазанда аяқталады деп жоспарлануда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ЭКСПО-2020 өткізу Дубай инфрақұрылымына 8 млрд инвестиция қажет етеді. Бұл сома метро учаскесін салуды, көрме өтетін аудандағы жол желісін жаңғыртуды қамтиды.