Дубайда Жаңа жылда Бурдж-Халифа зәулім ғимаратын LED-экранымен жабады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы Бурдж-Халифа мұнарасын жаңа жыл түні LED-экранымен толықтай жабады, ол отшашу, лазерлік және жарықтар шоуының көрінісін көрікті ете түседі.

Дубайда Жаңа жылда Бурдж-Халифа зәулім ғимаратын LED-экранымен жабады

Отшашуды ұйымдастырушылар биылғы жылы ұмытылмас шоу болатынын айтып отыр. Ол ғаламторда тікелей эфирден беріледі. 828 метрлік мұнараны айнала орнатылған экранда иллюминациялардан бөлек, Дубайдың биылғы жылы қол жеткізген табыстары көрсетілетін болады.

Полиция отшашу өтетін жерге апаратын жолдардың кейбірінің жабық болатындығын ескертеді, автокөлік тұрақтарына шектеу қойылады, ал метроның жақын стансасын жауып тастайды. Адамдарға сол күні бұл ауданға ертерек баруға тура келеді.