12:33, 04 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Дубайда жүк тасымалдайтын ұшақ көлік магистраліне құлады
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Дубайда Boeing 747-400 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ әуежайға жақын жерде орналасқан көлік магистраліне құлады,
деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған РБК.
Ұшақ ішінде екі пилот қана болды. Ресми емес ақпарат көзінің хабарлауынша, екі ұшқыштың да мәйіті табылды.
Полициядан хабарлағандай, апатқа ұшыраған ұшақ американдық United Parcel Service (UPS) әуе компаниясына тиесілі. Апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін аздаған уақыттан соң орын алды. Әуе кемесі Кельнге бара жатқан екен.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұшақ апатқа ұшырамай жатып, отқа оранды. Оқиға себептері әлі белгісіз. Тергеу амалдары жүргізілуде.