Дубайдағы нөсер қала тіршілігін «тұншықтырды»

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Біріккен Араб Әмірлігіндегі әлеуметтік желі пайдаланушылары Әбу-Даби мен Дубайда болған сел мен нөсер жайлы бейне материалдар жариялады, деп хабарлады БАӘ-дағы «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Нақтырақ айтқанда, Біріккен Араб Әмірлігіндегі нөсерден жолдарда кептеліс болып, көптеген компаниялар өз кеңселері мен сауда алаңдарын жабуға мәжбүр болды.
7 наурызда Араб әмірлігінде басталған нөсерден әлі күнге дейін көптеген компаниялар мен мемлекеттік мекемелер, кеңселер жұмыс істемей тұр.
9 наурызда өз кеңселерінің уақытша жабылғаны туралы әмірліктің Сауда-Өнеркәсіп палатасы да ресми жариялады.
«Etihad» әуе компаниясының бірнеше кеңсесі жұмысын тоқтатты.
Дубайдағы ірі «Ibn Batuta Mall» сауда орталығының келушілері әлеуметтік желі арқылы паркингті су басып, сауда залына дейін жеткенін хабарлады.
9 наурызда күндізгі сағат екіде Дубайда Global Village жәрмеңкесі жабылғанын хабарлады. БАӘ әмірлігі ауқымы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты әмірліктің барлық аумағында автотұрақ тегін болады. Білім беру басқармасы да бейсенбі, 10 наурызда мектептер мен білім беру мекемелері жабық болатынын мәлімдеді.
Болжам бойынша БАӘ-де нөсер 2-3 күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар