Дубайдан Панамаға ұшатын Emirates рейсі әлемдегі ең ұзақ рейс болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Emirates Airline әуекомпаниясы 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Дубай-Панама бағыты бойынша еш тоқтаусыз, әлемдегі ең ұзаққа созылатын рейсті іске қосады, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
None
None

Ұзындығы 13821 км жолды жүріп өтуге 17 сағат 35 минут уақыт кетеді, билеттер құны $2,1 мың басталады. Рейс осыған дейінгі рекордшы болған австралиялық Qantas әуетасымалдаушысының Сидней-Даллас бағытынан 17 км ұзағырақ болады.

Жолаушыларды тасымалдау бойынша абсолютты рекордты Boeing 777-200LR лайнері 2005 жылы орнатқан. Ол кезде 8 экипаж мүшесі мен 27 жолаушы Гонконгтан Лондонға дейін 21602 км ұшып өтті. Ұшу уақыты 22 сағат 22 минутты құрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум