Дубайдың бас мүфтиі Құрбан айт мерекесінің 26 қазанда басталатынын жариялады
Бұған дейін араб баспасөзінде Сауд Арабиясының Арафа күнін жариялауы тиіс күн туралы қарама-қайшы мәліметтер шыққан еді. Мұсылмандар күнтізбесінің 12-ші айы - Зүлхижа айының 9-шы күніне сай келетін киелі Қажылықтың екінші күнін бір дереккөздер сәрсенбіде атап өтілетінін хабарласа, басқалары оның бейсенбі күні өткізілетінін хабарлады.
Дубайдың бас мүфтиі доктор Ахмед Әбдел Әзиз Әл Хаддад мерекелердің күндеріне байланысты ешқандай күмән болмауы тиіс деп хабарлады. «Сауд Арабиясы ертең, 17 қазан күні мұсылмандардың Зүлхижа ай күнтізбесінің бірінші күні басталатынын жариялады, осыған сәйкес Арафа күні келесі аптаның бейсенбісіне келеді», - деді ол.
Араб әлемінде мерекелердің басталу күнін көп адам күтті. Осылайша, биыл екі миллионнан астам адам киелі Қажылық сапарына аттану үшін оның басталуын күтуде, соның ішінде бес мыңға жуық қазақстандық азамат бар. Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік органдары «Құрбан айт» мерекесіне байланысты қызметкерлерге үшкүндік демалыс күндерін жариялады, Сауд Арабиясында халық жеті күн демалады. Мереке күндері Дубайдың сауда орталықтары күндіз-түні демалыссыз жұмыс істейтінін жариялады, осыған орай БАӘ-ге келуші туристер мереке кезінде сауда орындарын қолайлы уақытта аралай алады.