Дубайға келген мыңдаған шетелдіктер Ислам дінін қабылдаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санмен өрнектелеген санаққа көз жүгіртер, болсақ, тек соңғы айлардың өзінде ғана дубай әмірлігіне келген мыңдаған шетелдіктер Ислам дінін қабылдаған.

Дубайға келген мыңдаған шетелдіктер Ислам дінін қабылдаған

Бұл туралы www.muslim.kz сайты хабарлады.

Дар ул-Бер мемлекеттік ұйымының Ислам ақпараттық орталығының директоры Рашид әл-Джунабидың айтуынша, арнайы келіп асыл дінімізді қабылдағандардың саны қаңтар айында 205 адам, ақпан айында - 238 адам, наурыз айында - 237 адам, сәуірде 383 адамды құраған. Аталмыш орталыққа күн сайын жүздеген жандар әртүрлі сұрақтарға жауап іздеп бас сұғып, дәрістер алып қайтатын көрінеді.

Сондай-ақ, әртүрлі халықаралық конференциялар мен ұйымдар басқосуы кезінде Ислам дінінің құндылықтарына қанығып, Алла жолына түскендердің саны біршама артатыны байқалған. Мысалы, мұсылмандардың халықаралық съезі қарсаңында 250-ден астам адам мұсылман атанған.

Ұйымда тіркелген мәліметтерге сүйенсек, шетелдіктер арасында Ислам дінін қабылдауда Филиипин аралдары мен Қытай, Үндістан, Таиланд, Камерун, Кения, Нигерия, АҚШ, Италия, Германия, Британия, Ирландия, Шри-Ланка, Австралия, Мьянма, Сирия, Иорданиядан келгендердің үлес салмағы басым.

Аталмыш ұйымға келіп ислам дінін қабылдап, мұсылман атанғандар қатары 2013 жылы - 2115, ал 2012 жылы 1907 адамды құраған.