Дубайлық миллиардерлер мінген көліктер Канн тұрғындарының «аузын аштырды» - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің «шіріген» байлары өте қымбат көліктерді өз байлығын паш етуші құрал етіп үлгергелі қашан!? Көбіне олар мұндай құны алтынға пара-пар көліктерді мақтан үшін ғана сатып алады, сондықтан олардың жүргенінен тұрғаны көп.
Бұндай байлардың қатарынан араб шейхтары ойып орын алған. Олар өз елінде де, өзге елге қыдыруға барғанда да осы бір мақтан дүниесін жанынан тастамайды.
Бірнеше күн бұрын біздер Лондон көшелерінде ғана емес, Канн қаласында да көптеп көріне бастаған Дубайлық байлардың осындай көліктерін тамашалауға шықтық, деп жазады Day.Az. Олардың обьективіне ілінген көліктерді сіздердің де назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.