Дүкен ішіне қойылған банкоматты ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Мәскеудің оңтүстігіндегі дүкендердің бірінің ішіне қойылған банкоматты ұрлап кетті, деп хабарлайды «Интерфакс» астаналық полиция басқармасына сілтеме жасап.
21:00 шамасында Чертановский көшесіндегі 58 үйде орналасқан дүкенге бірнеше белгісіз адамдар кіріп, ондағы банкоматты "Субару" автомобиліне тиеп, бой тасалаған.
Оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қылмыскерлерді ұстау үшін қала бойынша «Перехват» шарасы енгізілді, деп хабарлады баспасөз қызметінен.