Дүкендерде жаңа iPhone 6 Plus таусылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ дүкендерінде жаңа iPhone 6 Plus смартфоны таусылуда. Американың көптеген дүкендері iPhone 6 Plus смартфонының алғашқы партиясын толық сатып жіберген.

Дүкендерде жаңа iPhone 6 Plus таусылуда

ИТАР-ТАСС мәліметі бойынша, смартфондар Портлэнд, Манхэттен қалаларының дүкендерінде түгелдей таусылған көрінеді. Research LLC сарапшысы Карл Хоувтың болжауынша, демалыс күндері Apple 12-15 млн. аралығында жаңа смартфондарын сата алады. Ал Sanford C. Bernstein & Co сарапшысы Тони Сакконаги 7-8 млн. гаджет деп отыр.

Айта кетейік, 19 қыркүйектен бастап АҚШ, Канада, Австралия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Гонконг, Германия, Сингапур елдерінде iPhone 6 пен iPhone 6 Plus смартфондарының алғашқы сатылымы басталған еді.

АҚШ-та iPhone 6 смартфонының құны $199, ал iPhone 6 Plus $299 көлемінде бағаланып отыр.