Дүкенге барғанда коронавирустан қорғанудың қарапайым ережелері қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық жерлерде коронавирустан қорғанудың қарапайым ережелерін ұстану керек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүкенге барғанда коронавирустан қорғанудың қарапайым ережелері қандай

Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында коронавирусты дүкенге барғанда жұқтырып алу мүмкіндігі туралы сұралды.

«Коронавирустың таралуы жағдайлары белгілі, яғни көбіне ауа-тамшылы жолмен жұғады. Шынымен де профилактика шараларын сақтамаған кезде инфекцияны жұқтыру қаупі жоғарылай түседі. Бұл тұрғыда маска тағы, қолды жиі жуу сияқты қарапайым талаптарды ұстану керек», - деді вице министр.

Осы орайда ол қоғамдық жерлерде, дүкенде екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағу қажеттігін, сондай-ақ қолды дезинфекциялау керектігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмегенін жеткізді.

Сонымен қатар ол күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтты .