Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» атты лирикалық драмасы көрермен назарына ұсынылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» атты лирикалық драмасы қойылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өтетін бұл шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Ұлттар театры ұжымы ұйымдастырылмақ.
Аталған драмалық шығарманы тамашалауға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары шақырылып отыр.