Дүние халқының үштен бірі жоқшылық азабын тартып отыр - БҰҰ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі 2,2 млрд. адам кедейшілік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттан Ұйымы Даму Бағдарламасының баяндамасында айтылады.

Дүние халқының үштен бірі жоқшылық азабын тартып отыр - БҰҰ

БҰҰ дерегі бойынша әлемде шамамен 1,2 млрд. адам күн сайын 1,25 долларға жетпейтін қаражатқа күнін көріп отыр. Сонымен қатар, әлемнің 91 еліндегі 1,5 млрд. адам кедейліктің түрлі салдарынан жапа шегеді - олар денсаулық сақтау, білім беру, «өмірлік стандарттар» секілді әлеуметтік жеңілдіктерге қолжетімділік үшін күресуде.

«Ал кедейліктен жапа шегетіндердің арасында 842 млн. адам тойып тамақ іше алмай, жүйелі түрде ашаршылыққа ұрынып отыр. Бұл әлем халықтарының 12 пайызын құрайды», - делінген БҰҰ баяндамасында. Бұдан бөлек, әлем халықтарының 80 пайызы жұмыссыздығы үшін және зейнетақымен қамтамасыз етілмесе, 800 млн. адам «кедейлік шегінде» тұрған көрінеді.