Дүниежүзі бойынша 12 миллион компьютерге вирус таратқан компьютерлік хакер тұтқындалды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Словенияда компьютер хакері тұтқындалды. Оған дүниежүзі бойынша 12 миллиондай компьютерді зақымдаған вирустық бағдарлама жасады,

Дүниежүзі бойынша 12 миллион  компьютерге  вирус таратқан  компьютерлік  хакер  тұтқындалды

бірнеше корпорациялардың жүйесіне заңсыз енді деген айыптар тағылуда, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Ол «данышпан» - Словенияның 23 жастағы азаматы болып шықты, лақап аты - Iserdo. Федералдық тексеру бюросының ақпараты бойынша, хакер жергілікті құқық қорғау органдарының, федералдық бюроның және испан өкіметінің қатысуымен ұзақ уақыт бойы жүргізілген тексерудің барысында қолға түскен.

Iserdo, осыдан 5 ай бұрын испан полициясы компьютерлік алаяқтықтары үшін үш хакерді тұтқындағаннан кейін тұтылып отыр. Бұл топтың мүшелері Maripos бот-желісі арқылы онлайн режімде несие карталарын және банктердің тіркеу мәліметтерін ұрлаумен айналысқан.

Бот-желісі дегеніміз - вирусқа шалдыққан компьютерлер желісі. Maripos бот-желісі 2008 жылдың желтоқсан айында құрылған.