Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында «Бүкіл әлем мен үшін» онкүндігі басталды
Аталған министрліктің мәліметінше, онкүндіктің мақсаты - Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеудің маңыздылығын, жасөспірімдердің құқықтық білімін, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылы 20 қарашада қабылдаған Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері бойынша білім деңгейін арттыру.
Ағымдағы жылы декада қарсаңында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кең ауқымды науқаны өткізіледі. Осы күні ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Біздің үніміз» атты балалар баспасөз-орталықтарының он-лайн режимдегі республикалық форумын өткізіп, осының аясында Ұлттық еріктілер жүйесінің жетекшісі Вера Ким «Он-лайн Еріктілер бастамасы» тақырыбында шеберлік-сыныбын жүргізеді.
Онкүндік барысында семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық ақцияларын өткізу, кинотеатрлар, ойын-сауық орындары мен спорттық кешендерін аралау, сонымен қатар, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар және жастар ұйымдары, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруы жоспарлануда.
Іс-шаралар Мәдениет үйлері, Оқушылар сарайы және кітапханаларда викториналар мен байқаулар өткізілуімен, фильмдердің, бейнероликтердің көрсетілуімен сүйемелденеді.