Дүниежүзілік банк әлем бойынша стагфляция қаупі туралы ескертті

Жаһандық экономикалық өсімнің биыл 2021 жылғы 5,7%-дан 2,9%-ға дейін төмендейтіні күтілуде. Бұл қаңтарда күтілген 4,1%-дан әлдеқайда төмен. Теріс беталыс 2023-2024 жылдар аралығында сақталады.
Экономикасы дамыған елдердегі өсім 2021 жылғы 5,1%-дан 2022 жылы 2,6%-ға дейін күрт баяулайды, бұл қаңтардағы болжамнан 1,2% төмен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2%-ға дейін төмендеп, негізінен фискалдық және ақша-несие саясатын қолдаудың әлсіреуінен болады.
Дәл осындай бағалау бойынша, дамушы елдерде де өсім қарқыны 2021 жылғы 6,6%-дан 2022 жылы 3,4%-ға дейін төмендейді. Бұл 2011-2019 жылдардағы орташа жылдық 4,8%-дан әлдеқайда төмен.
Баяндамада жаһандық экономика үшін ең нашар салдардың алдын алу үшін күшті жаһандық және ұлттық саясат шаралары қажет екені аталып өтті. Мұнай мен азық-түлік бағасының көтерілуінен түскен соққыны жеңілдету, табысы төмен елдердің қарызын жеңілдетуді жеделдету және вакцинациялау үшін жаһандық күш қажет.
Бұған қоса, директивті органдар бағаны бақылау, субсидиялау және экспортқа тыйым салу төңірегінде шикізат бағасының өсуін күшейтетін саясатты бұрмалаудан аулақ болуы керек.
Еске сала кетейік, ҚазАқпарат бұған дейін Дүниежүзілік банктің болжамдары, атап айтқанда, Еуропа мен Орталық Азиядағы экономикасы дамып келе жатқан елдер қатты зардап шегетінін хабарлаған болатын.