Дүниежүзілік банк Арал теңізін қалпына келтіру жобасын дайындауға қолдау көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ пен Дүниежүзілік банк Орталық Азияның энергетикалық және су қауіпсіздігін қолдау үшін 7 млн еуро көлемінде жаңа грант беру туралы келісімге қол қоюға ниетті.

Бұл жайында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таратылған ақпаратта су ресурстарын тиімді пайдалану Орталық Азияның барлық елдерінің тұрақты дамуының маңызды бөлшегі саналатындығы айтылған. Бөлінетін қаржы Дүниежүзілік банк жүзеге асыратын Орталық Азиядағы энергетикалық және су ресурстарын дамыту бағдарламасына зор үлес қосады. Аталған бағдарлама 2009 жылы басталды және Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) өңірлік ынтымақтастықтығын дамыту арқылы энергетикалық және су қауіпсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған.

2019 жылдың 23 мамырында келісімге қол қою шарасына Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук және ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон қатысады. Шара барысында әкімшілер бағдарламаны жүзеге асыруда қол жеткізген жетістіктер мен нәтижелер жайында айтып, алдағы жоспарларымен бөліседі.

«CAWEP Орталық Азия елдерінің су және энергетика қауіпсіздігін дамыту жолында техникалық сараптама, сараптамалық және инвестициялық қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Қазақстанда CAWEP Арал теңізі үшін жаңа инвестициялық жоба дайындауға қолдау көрсетіп, техникалық зерттеу жүргізеді. Бұл Арал сағасын қайта қалпына келтіруге септігін тигізетін болады», - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар
telegram