Дүниежүзілік банк «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы бойынша салынатын жол құрылысына өз тарихында аса қомақты қаржы бөліп отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясында Қазақстанның Көлік министрлігі Қытай Халық Республикасымен меморандум жасасқан, өйткені аталған жоба бойынша негізгі жүк тасымалы осы елдің еншісіне тиеді. Ресей тарапында да жолдың жүзеге асуы үшін сол елмен меморандум жасалды. Бұдан бөлек, еуропада штаб-пәтері орналасқан Халықаралық автотранспортшылар ұйымымен келісім жасалған.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізін жүзеге асыру үшін қаражат салған барлық банктер, атап айтқанда Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Ислам банкі, Азия банкі, сондай-ақ Жапон банкі жобаға үлкен қызығушылық танытқан болатын. Бұл жерде мемлекет басшысының беделін де айта кету керек. Сондай-ақ аталған банктер келіссөздің бірінші күні-ақ бізге қолдау жасады. Дағдарыс кезеңінде бұндай жобаға ауқымды қаражат бөлу, сирек кездесетін құбылыс», деді Ә. Құсайынов.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік банк өз тарихында бір мемлекет аясында салынатын жол құрылысына мұншалықты қомақты қаржы бөлмегенін, нақты айтқанда 2 млрд. 150 млн. доллар жұмсамағанын мәлімдеген. Ал тағы бір беделді банк - Азия банкі де жобаға үлкен сенім білдіріп, 760 млн. доллар бөліп отыр.
«Дағдарыс жағдайында беделді қаржы институттарының қолдауымен мега-жобаны жүзеге асыру кез келген мемлекет үшін үлкен абырой», деді министр.