Дүниежүзілік банк индустрияландыруды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді

«Біздің басты мақсат - жаңғыртуды жалғастырып, жаңа өнеркәсіп пен жаңа экономиканы құру. Дүниежүзілік банкпен бірлесе арнайы топты құрдық. Осы орайда ДБ сарапшылары индустриялды саясатты тиімді жүргізу үшін атқаратын жұмыстарды зерделеп шықты»,-деді министр.
Ә. Исекешев бұл тұрғыда Дүниежүзілік банктің тәжірибесі мол екенін атап өтті.
«Олар осы жұмыстарды тыңғылықты байқап отыр. Көптеген елдерде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар бірінші кезекте Дүниежүзілік банктің әдістемелік көмегі арқылы жүзеге асырылуда. Бүгін және ертең біз министрлікте Дүниежүзілік банктің делегациясымен осы мәселелерді талқылайтын боламыз. Алайда бүгін сарапшылық деңгейде еленбей қалған мәселелерді талқылауды жөн көріп отырмыз»,-деді ведомство басшысы.
Өз кезегінде Қазақстандағы Еуропалық Одақтың тұрақты өкілі Аурелия Буше ЕО тарапы Қазақстанның өзінің экономикасын әртараптандыруды қандай қарқынмен шешіп жатқандығын қызығушылықпен байқап отырғанын атап өтті.
«Экономиканы әртараптандырудағы қауқарсыздық әлеуметтік және саяси тәртіпсіздіктерді арандатып, кейін осыған алып келуі мүмкін. Халықты жұмыспен қамтуда үлкен мүмкіндіктерді және өндірістерде қосымша жұмыс орындарын құра отырып, біз бұндай проблемалардан құтыла аламыз. Сондықтан да даму үрдісінің жалғасуы өте маңызды, ал осы тұрғыда әртараптандыру шаралары айрықша назарда болуы тиіс»,-деді А. Буше.