Дүниежүзілік банк қаражат жетіспеушілігі орын алу мүмкіндігін растады

АСТАНА. Қазанның  6-сы.  ҚазАқпарат -  Дүниежүзілік банктегілер  көмек сұраған елдердің көптігіне байланысты  қаражат жетіспеушілігі     орын  алу  мүмкіндігін   растады, 

Дүниежүзілік банк  қаражат жетіспеушілігі     орын  алу  мүмкіндігін   растады

 деп   хабарлады ВВС  телекомпаниясы.

Ыстамбұлда өткен   жиналыста Банк  басшысы Роберт Зелик,   жаһандық    экономикалық дағдарыстың салдарымен  күресу  үшін банктен   көмек  сұраушы елдердің   көбейіп     отырғанын   айтып өтті.

Зелик,     алдағы   үш жыл бойына   жұмсауға  жоспарланған резервтік  қордағы     қосымша  100 миллиард долларды банктің   қазірден   жұмсап   жатқанын мәлім етті.  Банкир  сондай-ақ экономистердің   салмақты  болжамдарына  қарамастан,      қаржылық дағдарыстан   шығудың  оңайға түспейтінін    атап  көрсетті.

«Қазіргі  кезең   үкіметтер  үшін  ауыр болады,  және    бюджет  жетіспеушілігінің  ауылы  алыс емес»,  дейді Дүниежүзілік банктің басшысы.  Оның айтуынша,  жұмыс орындарының  негізгі бөлігін  қамтамасыз  етіп  отырған   жекеменшік сектордағы жағдайдың беті  бері  қарайтынына   қазір кепілдік   жоқ.   Тауарларға  деген   негізгі сұранысты   қамтамасыз  етіп  келген  американдық  тұтынушыны кімнің  алмастыратыны  әзірге  белгісіз.    Экономистердің  болжамынша,   экономикалық дағдарыстың салдарынан 2010 жылы  90 миллиондай адамға   кедейшілік  қаупі  төніп  отыр.

Жиналыста сөз сөйлеген Халықаралық  валюта  қорының басшысы Доминик Стросс-Канның айтуынша,   рецессия   дамыған  елдерден гөрі  дамушы  елдерге    қатты әсер етеді.   Дамыған  елдер үшін  рецессияның салдары    жұмыссыздық  көрсеткішіндегі   бірер пайыздық бағаммен бағаланса,  кедей  елдердегі жағдай  «ашаршылықпен» мазмұндалуы   ықтимал.   Өткен аптада  Халықаралық валюта  қорының     сарапшылары    «әлемдік  экономиканың  2010 жылдағы    өсу  болжамын  2,5 пайыздан 3,1 пайызға   өзгертті.