Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жұмыс орындарын ынталандыруға 100 млн. доллар бағыттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ресми түрде Қазақстандағы жұмыспен қамту нәтижелерін жақсартуды қарастыратын «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын бастады.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, аталған жоба 2014 жылғы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобының Серіктестік туралы шектелмелі келісімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.

Көрсетілген келісімге сәйкес, бірқатар жобаларды халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (100 млн. АҚШ доллары) мен республикалық бюджеттің ортақ қаржыландыруы (37 млн. АҚШ доллары) есебінен жүзеге асыру жоспарланып отырған «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы да бар.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»жобасы) 2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Заңымен ратификацияланды.

«Аталған жоба білімге негізделген Қазақстанның экономикаға қатысты өзгерген қадамдарын көрсетеді. Осы орайда мемлекет адами капитал мен қазақстандықтардың біліктілігі ел экономикасының өсімі мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі драйвері болуы қажет екеніне мән беріп отыр», - деп тоқталды Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің бас директоры Клаудия Костин.

Жоба мақсатына тоқталатын болсақ, онда ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім беру бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру; мақсаттық бенефициардың еңбек машығы мен жұмыспен қамтылуы саласындағы көрсеткіштерін жақсарту, еңбек нарығында талап етілетін біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау бағыттары қамтылған.

Жобаны жүзеге асырудан экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне жауап беретін, жоғарғы технологиялы өндіріс ерекшеліктеріне сай заманауи біліктілік жүйесін құру, сонымен бірге, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессіздігін төмендететін еңбек нарығындағы ұсыныстарды қазіргі таңдағы сұранысқа сай дамыту нәтижесі алынбақ.

Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар